Тахир мен Зухра бірін-бірі сүйіп қосылған жас жұбайлар болса да, отбасындағы кішігірім ұрыс-керістерге байланысты ажырасуға бел буады.Ажырасу жарлығы шыққан кезде, олардың құаныштан төбесі көкке жетіп, сол мезетте екеуі екі жаққа қарай жол алады. Енді олар самғай ұшқан еркін құстай жаңа өмірге ұмтылады, бірақ тағдырдың оларға жазған әзілін көріңіз, олар түнде қай жерде ұйықтаса да, таң ата өнер мұражайында жасатылған шымылдық ішінде оянатын болды. Олар мың түрлі даумен, қаншама бір-бірінен алыстаса да, тезірек бір-бірінен құтылуға тырысса да, күнде таңертең екеуі бір бөлмеде оянады. Күнде осындай жағдай қайталана берген кезде, олар бұл керемет жағдай үшін бірін-бірі кінәлай береді. Олар тіпті бұл тәртіпсіздікті тоқтату үшін экстрасенске барады.
Қызық, шымылдықтың бұл кереметінде қандай құпия жасырынған болуы мүмкін?
Бұл сұрақтың жауабын адами қарым-қатынас пен құндылықтарды, түрлі сынақтарды өз басынан өткізген кейіпкерлеріміздің өмірін баяндайтын «Шымылдык» фильмін тамашалау арқылы біліп аласыз.
Дадахон Обидов, Ситора Алимжанова, Мухаммадисо Абдулхаиров, Хосият Хусанова, Толиб Муминов, Муяссар Бердиқулова, Дилшодбек Каттабеков, Зухра Солиева, Саид Мухторов, Бобур Айтбаганбетов, Мохларой Собирова, Бобур Пирматов, Азиза Абдуллаева, Каромат Исамова, Нуржахон Хайдарова.